Моңғолия Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға ұшып келді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ухнаагийна Хурэлсуханы елордалық әуежайда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев қарсы алды. Моңғолия Президенті 3-4 шілдеде Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне қатысады.