Экология министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Халық арасында экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Үкімет қаулысының жобасын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болашақ тұжырымдамада еліміздің экологиялық проблемалары және ол туралы халықты ақпараттандырудың маңыздылығы туралы айтылады.
"Елдегі жеңіл автомобильдердің орташа жасы - 14 жыл,ал жүк көліктерінікі - 23 жыл. Ескірген автомобильдердің көбінің энергиялық тиімділігі төмен болғандықтан және зиянды заттардың,соның ішінде парниктік газдардың шығарындыларын көп бөлетініне байланысты қоршаған ортаға сөзсіз кері әсерін тигізіп отыр. Мысалы,Алматыда,барлық шығарындылардың 90 пайыз көзі көлік секторы болып табылады; көлік құралдарының түрлері бойынша шығарындылар былайша бөлінеді: 1 пайыз - электр көлігі,77 пайыз - автомобильдер,22 пайыз - автобустар",- делінген құжат мәтінінде.
Құжат авторларының тұжырымы бойынша,Республиканың орнықты дамуын және оның табиғи ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі қоғамның экологиялық мәдениетін қалыптастыратын экологиялық білім мен тәрбие арқылы қолжеткізілетін халықтың барлық тобының хабардар болу деңгейін арттыру болып табылады.