Ақтау тұрғыны,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтаулық блогер әлеуметтік желідегі парақшасына Каспий теңізіне лас су құйылып жатқаны түсірілген видеоны жариялады.
"Ақтауды Каспий теңізіне қалдықтарды ағызу тұрғысынан Баку мен Махачкаламен салыстырғанда әлдеқайда экологиялық таза деп санаған едім. Не істегендеріңіз,бұл жалғыз қалалық жағажай ғой?!"- деп жазды видео авторы Азамат Сәрсенбаев.
Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Армат Жүсіпқалиев порталдың сауалына жауап беріп,видеоның ескі екенін айтты. Оған дәлел ретінде 28 маусымда каналдағы судың таза екенін көрсететін суретті жіберген.
Бұл ретте Азамат Сәрсенбаев бұл бейнежазбаны 26 маусымда таңғы сағат 7-де түсіргенін және "лас суды ағызу" аяқталуы мүмкін екенін айтады. Алайда,қоғам белсендісінің айтуынша,бұл әрекеттерге "көз жұмауға" болады дегенді білдірмейді.