Қаржыландыру

Қазақстанда 28-30 мамырда ауа райы нашарлайды

May 28, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған қысқаша ауа райы болжамын ұсынд,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мамырдың соңғы күндері республика аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап,жаңбыр жауады. Үш күн бойы батыс пен солтүстік-батыста,28 мамырда оңтүстік,оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде,ал 28-29 мамырда елдің солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып,бұршақ түсуі мүмкін. Жауын-шашын дауылды желмен қатар жүреді. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз еліміздің батысында ауа температурасы 15-25 градус жылыға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста,солтүстікте және орталықта алғашқы күндері 17-25 градус жылы болса,кезең соңында 20-33 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста ауа температурасы 15-25 және 20-30 градус жылы аралығында құбылады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кезең басында 20-28 градус жылыға дейін төмендеп,кейін 27-38 градусқа дейін көтеріледі.