Қаржыландыру

Қазақстандағы ауқымды амнистия: ІІМ алғашқы мәліметтерді жариялады

May 6, 2026 IDOPRESS

itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

1

"Аталғандардан басқа ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша жаза мерзімін бестен бір немесе төрттен бірге қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр",- деді министр орынбасары.

Әділовтің айтуынша,бастама пысықтау сатысында.

"Амнистия депутаттық бастама ретінде іске алынды,сондықтан алдағы уақытта түсініктемені депутаттар береді",- деді ол.

Әкімшілік амнистия

Сонымен қатар Қазақстанда әкімшілік амнистия бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Ведомствоаралық топтардың жұмысы жалғасып жатыр. Келесі аптада біз әкімшілік амнистия бойынша тәсілдерді ұсынамыз",- деп толықтырды министр орынбасары.

Мән-жайы

17 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімшілік амнистия жарияланатынын айтқан болатын. Келесі күні премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында екі апта ішінде әкімшілік амнистия механизмін дайындауды тапсырды.