itemprop="image" itemscope itemtype="http://schema.org/ImageObject">

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Miami Open турнирінің екінші айналымында әлемнің тоғызыншы ракеткасы - америкалық Бен Шелтонды жеңді,- деп хабарлайды
Қазақстандық спортшы (рейтингте 84-орында) қарсыласын үш сетте басып озды - 6:7 (3),7:6 (3),6:3.
Матч 2 сағат 25 минутқа созылды.
Турнирдің үшінші айналымында Александр әлемнің 34-ракеткасы - франциялық Уго Умбермен кездеседі.
Айта кетейік,бірінші айналымда қазақстандық әлемнің 101-ракеткасы - италиялық Маттео Арнальдиді 7:6 (7:5),6:7 (5:7),6:2 есебімен жеңген болатын.
25 жастағы теннисші Александр Шевченко 2000 жылғы 29 қарашада туған,2024 жылдан бері Қазақстан атынан өнер көрсетіп келеді. Сол жылы ол әлемдік рейтингте өзінің ең жоғары нәтижесіне жетіп,топ-45 қатарына енді. Ал алдыңғы "Үлкен дулыға" турнирі - Australian Open-де алғаш рет екінші айналымға шығып,жеке рекордын жаңартты.