Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын жанкүйерлермен бірге тамашалады

Jul 7, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров аты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Әлем кубогының финалын Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жанкүйерлермен бірге тамашалады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогына қатысу үшін 29 елден 250 боксшы келді. Бұл – рейтингтік жарыс. Жеңімпаздардың әрбір ұпайы олимпиадаға жолдама алуға әсер етеді.

Айта кетейік,бүгін финал аясында қазақстандық спортшылар қатысатын 12 жекпе-жек өтеді:

14:00

48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) - Минакши Минакши (Үндістан);


55 келі: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) - Руй Ямагучи (Жапония);


80 келі: Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Йожерлен Сезар (Франция);


85 келі: Бекзад Нұрдәулетов (Қазақстан) - Джугну (Үндістан);


60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) - Ребека де Лима Сантос (Бразилия);


70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) - Лекейша Перголити (Австралия);


50 келі: Санжар Ташкенбай (Қазақстан) - Джей Брайан Барикуатро (Филиппин).

19:00

51 келі: Алуа Балкибекова (Қазақстан) - Пихла Кайво-Оя (Финляндия);


75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) - Суннива Хофстад (Норвегия);


80+ келі: Елдана Тәліпова (Қазақстан) - Нупур (Үндістан);


75 келі: Сабыржан Аққалұқов (Қазақстан) - Рами Киван (Үндістан);


90+ келі: Айбек Оралбай (Қазақстан) - Никита Путилов (Германия).

Жекпе-жектердің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында және арнаның сайтында қолжетімді болады.