Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда Марков көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Бостандық ауданында 1973 жылы пайдалануға берілген 1,5 шақырымға жуық жылу трассасы ауыстырылады.
Сондықтан 3 шілде мен 25 тамыз аралығында Марков көшесінің бойымен – Бұқар Жырау бульварынан "Зайка" балабақшасына дейінгі аралықта көлік қозғалысы екі бағытта да тоқтатылады.
"Көршілес тұрғын үйлердің аулаларына көлік пен жедел қызметтер Римский-Корсаков көшесі арқылы,яғни Бұқар Жырау бульварынан №3 тұрғын үй жақтағы кіреберіске дейін қатынай алады. Жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды",- деп жазылған хабарламада.