Қаржыландыру

Жаңбыр және жел: Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Jun 27, 2025 IDOPRESS

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 28,29 және 30 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Найзағай,нөсер және бұршақ: қай өңірлерде ауа райы бұзылады?

Метеорологтер мәліметінше,Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы сақталады. Соның әсерінен жауын-шашынды ауа райы болады – найзағай ойнап,жаңбыр жауады,ал еліміздің батыс,солтүстік-батыс,солтүстік,шығыс және орталық өңірлерінде нөсер жауын мен бұршақ күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады деп күтіледі. Сондай-ақ желдің күшеюі болжанған,ал елдің оңтүстігінде құмды дауыл болады.

Ауа температурасы қандай болады?

Синоптиктер ауа температурасының айтарлықтай өзгерісін күтпейді. Күндізгі уақытта:

батыс,солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде +18…+28 градус;

орталық пен шығыста +20…+33 градус;

оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +27…+38 градус күтіледі.