Дина Шарипханова
Корреспондент
ПОДЕЛИТЬСЯ
Үндістанда Air India әуекомпаниясы жолаушылар туралы мәліметтерді жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Air India әуекомпаниясы Ахмадабадтан Лондонның Гэтвик әуежайына бағыт алған AI171 рейсі әуеге көтерілгеннен кейін апатқа ұшырағанын растады.
"Ахмадабад қаласынан сағат 13:38-де ұшып шыққан рейс Boeing 787-8 ұшағымен 242 жолаушы мен экипаж мүшесін тасымалдап бара жатқан. Олардың ішінде 169 адам - Үндістан азаматтары,53 адам - Ұлыбритания,1 адам - Канада,7 адам - Португалия азаматтары",- делінген хабарламада.
Осы арада жергілікті БАҚ мәліметінше,ұшақ апаты салдарынан кем дегенде 110 адам қаза тапқан.
Еске салайық,12 маусымда Air India әуекомпаниясының Ахмадабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.