Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың соты басталды

Jun 11, 2025 IDOPRESS
Дина Шарипханова Корреспондент ПОДЕЛИТЬСЯ Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот

Дина Шарипханова

Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот отырысы басталды. Ол жұбайын соққыға жықты деген айыппен сотқа тартылған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы мамырда "НеМолчи.kz" қоры өз парақшасында БАӘ-дегі елшілік кеңесшісі Сәкен Мамаштың жұбайын жүйелі түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат жариялаған болатын. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға жауап беріп,дипломатты елге шұғыл қайтару туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Кейінірек,зорлық-зомбылық туралы мәлімдеген елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден елге қайтарылғаны белгілі болды. Алайда,әуежайда оны күйеуінің туыстары қарсы алған.

Астана полициясы аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және қажетті сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

2024 жылдың 28 маусымында Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша әкімшілік іс қарады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып,15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Биыл сәуірде экс-дипломат Сәкен Мамаш қылмыстық іс аясында қамауға алынғаны белгілі болды.