Алматы облысында мектеп оқушысы қаза тапты

May 26, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматы облысында мектеп оқушысы өлтірілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында мектеп оқушысы өлтірілді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша,қаза тапқан жасөспірім 11-сыныпта оқыған.

"Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер күдіктіні анықтап,уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасөспірімнің заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды",– деп хабарлады полициядан.

Сонымен қатар,полиция бұл оқиға бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін білім басқармасына ұсыныс енгізген.

"Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде",– деп толықтырды департамент өкілдері.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.