ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы Спорт басқармасы 18 мамырда Алматыда қайырымдылық жарысы өтетінін хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іс-шараның өткізілуіне байланысты 18 мамырда сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін жарыс өткізілетін ауданда көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылатын болады.
"Бауыржан Момышұлы көшесінің (оңтүстік бағытта) Мөңке көшесінен (Бигвилль Arena City ТК) Almaty Arena-ға дейінгі учаскеде бір автобус жолағы және жеңіл автомобильдерге арналған бір жолақ жабылады. Осы бағыттағы қалған жолақ штаттық режимде жұмыс істейді.
Сондай-ақ,Almaty Arena аумағындағы айналма көше толығымен жабылады. Бұл учаскеде 5 және 10 шақырым қашықтықта қауіпсіз жүгіру маршруты ұйымдастырылады (маршрут картасын қараңыз)",- делінген хбарламада.
Қашықтықтағы қауіпсіздікті жол полициясының қызметкерлері мен еріктілер қамтамасыз етеді.
"Тұрғындар мен автокөлік иелерінен уақыт шектеулерін ескере отырып,маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз",- делінген хабарламада.