Қаржыландыру

ШҚО-дағы тасжолдардың бірі ауа райына байланысты жабылды

Mar 12, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚазАвтоЖол" АҚ мәліметінше,ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірі жабылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2025 жылғы 12 наурыз сағат 11:30-да Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығында (Ушановское – Алтай) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады",- делінген хабарламада.

Жолдың 2025 жылғы 12 наурыз сағат 18:00-де ашу жоспарланған.