Астанада қар жауып, жел соғады

Feb 18, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазгидромет Астанадағы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Teng

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет Астанадағы 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 ақпанда Астанада өзгермелі бұлтты ауа райы күтіледі,кей уақытта аздаған қар жауады. Оңтүстік,оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы -9…-11°C,күндіз -4…-6°C суық болады.

19 ақпанда өзгермелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -11…-13°C,күндіз -4…-6°C аяз күтіледі.

20 ақпанда өзгермелі бұлтты,жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -11…-13°C,күндіз -3…-5°C болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып,боран соғатынын,батыс пен оңтүстікте жаңбыр және қар аралас жауын-шашын болатынын хабарлаған еді. Сондай-ақ республика аумағында көктайғақ,желдің күшеюі және тұман күтіледі.