Кәрім Мәсімов ісі: Астанада 1,8 миллиард теңгеге бағаланған үй сатылымға шығарылды

Feb 11, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйге ұқса

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі үйге ұқсайтын үй сатылымға шығарылды. Бұған дейін комитет сәнді сарайдың суреттерін жариялаған болатын,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лот E-Qazyna электрон сауда алаңы сайтында жарияланған. Төменгі қабаты бар тұрғын үй елорданың Нұра ауданында орналасқан. Екі қабатты үйдің жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр болады. Оның бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңге деп белгіленген. Сонымен қатар,әлеуетті сатып алушы 117 960 теңге кепілдік жарнасын енгізуі қажет.

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Үйге әртүрлі көлемдегі бірнеше жер учаскесі тиесілі,олардың бірінде гараж орналасқан. Үй 879 дана мүлікпен бірге сатылады. Оның ішінде жиһаз,тұрмыстық заттар,әшекей бұйымдар,коллекциялық монеталар,қару-жарақ макеттері.

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Фото: cabinet-auction.e-qazyna.kz

Мүлікті Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға шығарған. Сауда бағаны көтеру арқылы аукцион форматында өтеді.