Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды

Jan 20, 2025 IDOPRESS
АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілеріне өзінің инаугурациясынан кейін бірнеше күн іш

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілеріне өзінің инаугурациясынан кейін бірнеше күн ішінде РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Әзірге сөйлесудің нақты күні келісілген-келісілмегені белгісіз.

Айта кетейік,бұған дейін Трамп Вашингтонда өткен инаугурация алдындағы сөзінде мыңдаған қолдаушыларына "ел бетпе-бет келіп отырған барлық дағдарыстарды шешетінін" мәлімдеген болатын. Сайланған президент АҚШ-тың көші-қон және сауда саясатын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр.

АҚШ президентінің инаугурациясы дүйсенбіде шығыс уақыт белдеуінде түскі уақытта (Астана уақыты бойынша сағат 22:00) өтеді. Сол сәтте Трамп Капитолий ғимаратының ротондасында президенттік антын қабылдайды.