Қазақстанда 46 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Jan 16, 2025 IDOPRESS
2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанда синоптиктер аномальді жылы ауа райын тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанда синоптиктер аномальді жылы ауа райын тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанда синоптиктер аномальді жылы ауа райын тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметінше,өткен айда елдің көптеген өңірлерінде температура нормадан 1-6 градусқа жоғары болған.

19 желтоқсанда Петропавлда жаңа температуралық рекорд орнаған – термометр бағаны +1,3 градусқа жетіп,1978 жылғы +0,8 градус көрсеткішінен асып түсті.

Алайда желтоқсандағы өзгерістер жиі атмосфералық құбылыстармен қатар жүрді – қар жауды,боран соқты,жаңбыр,дауыл,көктайғақ және тұман байқалды.

Мысалы,15 желтоқсанда Түркістан облысындағы Шуылдақ метеостанциясында айлық нормасы 77 миллиметр қардың 22 миллиметрі жауды. 29 желтоқсанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко станциясында жауын-шашын 17 миллиметрге жетіп,нормадан екі есе асты. 13-14 желтоқсанда Жетісу облысындағы Жалаңашкөл метеостанциясында желдің екпіні секундына 40 метрге дейін жетті,ал 16 желтоқсанда Достық станциясында жел жылдамдығы 36 метр/секунд болды.

Сонымен қатар,4-8 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысындағы Родниковка метеостанциясында диаметрі 66 миллиметрге дейін жететін көктайғақ және мұз қату жағдайлары тіркелген.

Астанада желтоқсанның орташа температурасы -8,8 градус болды,бұл нормадан 3,2 градусқа жоғары. 11 желтоқсанда Қазақстан астанасында айдағы ең төменгі температура -20,8 градус тіркелсе,14 желтоқсанда ең жоғары температура +0,7 градус болды. Астанада жауын-шашын нормадан көп болды – 31 миллиметр,бұл айлық нормадан (25 миллиметр) 122 пайызды құрайды.