“ҚазМұнайГаз“ еншілес компаниясына 32 миллиард теңге айыппұл салынды

Jan 14, 2025 IDOPRESS
\"Маңғыстаумұнайгаз\" АҚ-на 32 миллиард теңге айыппұл салынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 миллиард теңге айыппұл салынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-на 32 миллиард теңге айыппұл салынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының прокуратурасы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу,сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заңбұзушылықтар анықтады.

"Прокурорлар қолданған шаралардың нәтижесінде,соттың 04.12.2024 жылғы қаулысы бойынша компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып,31 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды",- делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.

"Сондай-ақ,мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу дерегі де анықталды. Аталған факт бойынша 11.12.2024 жылы компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып,1,2 миллиард теңге айыппұл салынды".

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ – 1963 жылы құрылған қазақстандық мұнай-газ компаниясы. Компанияның штаб-пәтері Ақтауда орналасқан "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобына кіреді.