Атырауда мұғалім өзіне-өзі қол жұмсамақ болды - комиссия құрылды

Jan 12, 2025 IDOPRESS
Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң,суиц

Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң,суицид жасамақ болды. Оқу-ағарту министрлігі жағдайға қатысты түсінік берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзін балағаттаған соң,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша ұстазды педагогикалық кеңесте жұрт алдында балағаттап,алаяқтық жасады деп айыптаған.

Оқу-ағарту министрлігі Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше,жағдай комитеттің бақылауында.

"Жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың,Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды",- делінген хабарламада.

Қазір мән-жайды жан-жақты зерттеу үшін тергеу басталды.

"Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді,оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады",- деп атап өтті ведомство.

Комитеттің баспасөз қызметі ұстаздың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

"Өзін жақсы сезінеді,мұғалімге қажетті психологиялық көмек көрсетіледі",- делінген хабарламада.