Көкшетау тұрғынын бопсалағандар ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
14 желтоқсанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын бопсалау туралы өтінішпен жүгінді. Оның айтуынша,13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында оған шабуыл жасаған.
Белгісіз адамдар оған дене жарақатын салып,бопсалап,Samsung телефонын тартып алған. Келтірілген залал сомасы - 160 мың теңге.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен жедел қызмет қызметкерлері күдіктілерді тез арада анықтады.
"Олар - облыс орталығының 19-22 жас аралығындағы үш тұрғыны. Полиция басқармасы осы дерек бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады",- деп жазылған хабарламада.
ІІМ осындай қылмыстарға байланысты азаматтарға маңызды ескерту жасады:
қоғамдық орындарда қырағы болу;
қараңғы жерлерден аулақ болу,әсіресе кешке;
материалдық жағдайыңызды жарнамаламаңыз: ақшаны,қымбат гаджеттерді немесе зергерлік
бұйымдарды көрсетпеуге тырысыңыз;
бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасағанда абай болыңыз.