Астанада Есіл өзенінің бойындағы барлық тұрғын үйлерге архитектуралық-көркем жарықтандыруды жаңарту жұмыстары сәтті аяқталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Айта кету керек,қонақ үй бизнесінің өкілдері де үлестерін қосып,ғимараттарын өз қаражаттарына жарықтандырғаны айтылды.
"Соның арқасында аудан бұрынғыдан да көрікті әрі қауіпсіз бола түсті. Заманауи,жылы түсті жарықтандыру ғимараттардың қайталанбас сәулетін айшықтап,жағалауға ерекше жылулық пен үйлесім атмосферасын сыйлады",- делінген хабарламада.