Қаржыландыру

Су айдынындағы мұздың қауіпсіз екенін қалай ажыратуға болады?

Dec 10, 2024 IDOPRESS

Төтенше жағдайлар министрлігі су қоймаларындағы мұздың қауіпсіз екенін қалай ажыратуға болатынын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі су қоймаларындағы мұздың қауіпсіз екенін қалай ажыратуға болатынын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ мұздағы қауіпсіздік туралы ескертті:

берік,қауіпсіз мұз - көкшіл немесе жасыл түстес,қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болады;

қауіпті мұз - сұр,сары реңдегі ақ түстегі мұздар;

әсіресе,бұта-тоғандар өскен,су қайнарлары бар,ағысы тез жерлердегі мұз қауіпті болады;

қалыңдығы 25 сантиметрден кем болатын мұз бетіне шығу үшін,құтқару кеудешесі,ысқырық,ұялы телефонды салу үшін су кірмейтін пакет,суға батқан кезде құтқарылуға көмек беретін 2 метр ұзындықтағы таяқ немесе ұзындығы 12 метр арқан болуы керек;

мұздың астына түсіп кеткенде шығу үшін қармаушы құрал қажет.