Синоптиктердің болжамына қарағанда,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызылорда облысының орталығында,солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан,шығыстан соғады,таңертең және күндіз облыстың орталығында,оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде,батысында,солтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,таңертең және күндіз облыстың батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады,облыстың оңтүстік-батысында,солтүстік-шығысында,таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 м/с-ке жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде,шығысында,оңтүстігінде тұман.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады,облыстың батысында,орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада түнде жаяу бұрқасын,көктайғақ. Түнде және таңертең тұман.
Павлодар облысының батысында,оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың батысында,оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Абай облысында бұрқасын. Облыстың батысында,орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында кей уақыттарда қалың қар жауады. Бұрқасын. Облыстың батысында,солтүстігінде көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады,солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады,оңтүстігінде,солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының шығысында,оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында кей уақыттарда тұман,жолдарда көктайғақ болады. Солтүстіктен жел соғады,облыстың батысында кей уақыттарда екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Алматыда түнде және таңертең тұман,жолдарда көктайғақ.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады,екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында,солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың солтүстігінде,шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде,орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады,түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын,көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында,оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.