Александр Вучич Белградқа ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты ықыласпен күтіп алғанын жазды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сербия Президенті әлеуметтік желілердегі парақшаларында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне кешкі ас берілгенін және Алматының әйгілі апортын сыйға алғанын жариялады.
Фото: facebook.com/buducnostsrbijeavucic
Сондай-ақ,Сербияның достас елдерге құшағы әрдайым ашық әрі бүгінгі кеш соның тағы бір дәлелі екенін атап өтті.
"Президент Тоқаевқа құрмет пен сенім үшін рахмет айтамын. Бұл сапар Сербия мен Қазақстан арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін",- деп жазды ол.