Қаржыландыру

Қамаудағы қазақстандық изолятордағы бағаға шағымданды

Oct 31, 2024 IDOPRESS
Сотталушы тергеу изоляторындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттығына шағымданды,- деп хабарлайды

Сотталушы тергеу изоляторындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттығына шағымданды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталушы тергеу изоляторындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қымбаттығына шағымданды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адам тергеу изоляторы аумағында орналасқан дүкендегі бағаларға шағымданды. Сауда комитетінің өңірлік департаменті ҚР ІІМ ҚАЖК № 76 мекемесінде қызыметін жүргізіп жатқан кәсіпкерді тексерген.

Тексеру дүкенде пияздың бағасы 160 теңге екені анықтады,бұл сатып алу бағасынан 30 пайызға жоғары және әлеуметтік өнімдерге шекті үстемеақыдан жоғары. Кәсіпкерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы 1-бөлігі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінен асып кету" бойынша жауапкершілікке тартты.

Қазіргі уақытта Қостанайда пияздың орташа бағасы 115 теңге болады. Жыл басынан бері аймақта бірқатар әлеуметтік өнімдердің бағасы төмендеген: күнбағыс майы 12,4 пайызға,қырыққабат 15,қарақұмық 30,3 пайызға арзандағаны айтылды.