Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазақстандықтардың бұрын қолданыста болған уақыт белдеуін қайтару туралы жаңа петициясына қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары мұндай мәселе жалпы талқылауды қажет етпегенін айтты.
"Үкімет қандай да бір шешім қабылдаған кезде,шешім қабылдаудың белгілі бір ережесі бар,ол міндетті түрде мемлекеттік референдум өткізе беруі керек емес. Бұл үшін алқалы орган бар. Бұл жағдайда шешім қабылдағанға дейін қажетті зерттеулер жүргізіліп,шешім қабылданды. Осыдан кейін регламент аясында өтініш келіп түсті,ол белгіленген тәртіпте қаралды,барлық оң және теріс жақтары тиісті топтарда қаралды",- деді Жұманғарин үкімет отырысында.
Оның айтуынша,соңғы шешім қабылданған.
"Бұл жағдайды қысқа мерзімді емес,орта мерзімді перспективада зерттейік,бұл іс жүзінде әсер ете ме әлде әсер етпей ме. Қазір бұл мәселені көтеріп,қайта түсініктеме беруге Үкіметтің ниеті жоқ. Егер регламенттен ауытқи беретін болсақ.. шешім болды,петиция болды,петиция қаралды,шешім расталды,менің ойымша,осымен тоқталу керек",- деп түйіндеді премьер-министрдің орынбасары.
Еске салайық,29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.