Қаржыландыру

Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде биыл 8 Мәдениет үйі пайдалануға беріледі

Oct 20, 2024 IDOPRESS
Республика күні және Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай Талас ауданы Көктал елді мекенінде ауылдық

Республика күні және Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай Талас ауданы Көктал елді мекенінде ауылдық Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Аталған мәдениет нысанының құрылысын мердігер — "Taimas Construction Company" ЖШС бес айдың ішінде аяқтаған.

Клубтың салтанатты ашылу жиына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып,мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

"Мәдениет ошағының ашылуы – рухани жетістігіміздің бір жемісі,жақсылықтың көрінісі. Өйткені өсетін ел мәдениетіне мен руханиятына аса мән берген. Мәдениеті жоғары ұлт қана әлемдегі өркениетті елдердің ортасынан орын алатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнерді дамыту мемлекетіміз үшін негізгі басымдықтың бірі екендігін алға қойып отыр. Ауылды елді мекендерде ашылып жатқан осындай нысандар соның бір көрінісі",– деді Серік Жақсылықұлы.

Айта кетейік,2021 жылдан бері облыс көлемінде 18 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп,пайдалануға берілген.

Ал биыл 16 мәдениет нысанының құрылысы басталып,жыл аяғына дейін 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.