Қаржыландыру

“Бақылаудың жоқтығы“ - Бектенов Сарандағы жағдайға қатысты

Oct 15, 2024 IDOPRESS
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақылауда екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Саран қаласындағы жылу беру маусымындағы жағдай қатаң бақылауда екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Саран қаласында жылу беру маусымының басталуы туралы мәселе күн тәртібінен тыс қаралды. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Үкімет басшысы бәрін бүгін аяқтауды тапсырды.

"Бұл – Саран қаласы әкімінің жеке жауапкершілігі және облыс әкімдігі тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы",- деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің тікелей тапсырмасымен қазір тексеріс жүріп жатқаны белгілі болды.

"Жылу беретін нысанның дайындығы туралы жалған ақпарат берген адамдардардың барлығы жауапкершілікке тартылады",- деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ,отырыстан кейін энергетика министрі Саран қаласына барып,бәрін тексереді.

"Тексеру нәтижесі бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жібереміз. Егер қылмыс құрамы болса,кінәлі адамдардың бәрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады",- деп ескертті Бектенов.

Қарағанды ​​облысындағы Саран қаласының тұрғындары үйлерінде жылу жоғын айтып шағымданды. Кейін қала әкімі Еркін Баулықов тұрғындардан кешірім сұрап,жақын арада пәтерлерге жылу берілетініне ​​уәде берді.