Синоптиктер Қазақстанда 21,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше,алдағы демалыс күндері батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап,жаңбыр жауады.
22 қыркүйектен бастап Скандинавия аймақтарынан антициклонның екпіні елдің батысына тарай бастайды,бұл жауын-шашынның тоқтауына әкеледі. Республика бойынша жел күшейеді,түнде және таңертең тұман күтіледі,батыста,солтүстік-батыста және республика орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.
"Ауа температурасы күндіз республиканың батысында +20...+25-тен +15...+20,солтүстікте +17...+22-ден +8...+18 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі,қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді",- делінген хабарламада.