Қаржыландыру

Үкімет резервінен жолдарға 6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді

Sep 19, 2024 IDOPRESS

Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 миллиард теңге бөлінеді. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Көлік министрлігіне қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы соманың 4,6 миллиард теңгесі Индер - Қарабау - Сағыз жолдарын,Қарабау,Сарытоғай - Махамбет,Атырау - Индер кенттеріне кірме жолдарды,сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолдарын қоса алғанда,облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жеті учаскесін жөндеуге пайдаланылады.

Қалған 1,3 миллиард теңге су тасқынынан зардап шеккен Индер - Қарабау - Миялы - Сағыз автомобиль жолында көпір мен су өткізу құбырларын салуға жұмсалады.

Айта кетейік,су тасқыны жолдың 11 учаскесінде елеулі қиратулар тудырып,бес учаскедегі су өткізу құбырларын бүлдірген.