Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ғани Бейсембаев Президентке еліміздегі мектепке дейінгі,орта,техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді:
– былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылған. Бұл 29 үшауысымды,12 апатты мектептің мәселесін шешкен;
– жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр;
– мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып,интернеттің сапасы жақсарған;
– тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала береді. "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" жалпыұлттық құндылықтарына негізделген "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы қолға алынған; орта білім сапасын арттыру туралы айтты:
– мектеп оқулықтары толықтай цифрлық форматқа көшірілген;
– Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алған;
– техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау,инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.