Қаржыландыру

Жаңа Салық кодексі Мәжіліске өтті

Sep 4, 2024 IDOPRESS
Мәжіліс депутаттары Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша қорытынды дайындайды,- деп хабарлайд

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша қорытынды дайындайды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша қорытынды дайындайды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ,депутаттар салық салу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізеді. Бұл туралы палатаның осы сессияның бірінші жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева мәлім етті.

Ол заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 және 2023 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленгенін және биылғы 28 тамызда Үкімет қаулысымен Мәжіліске өткенін атап өтті.

"Салық кодексінің жобасы 822 баптан тұрады,қолданыстағы Салық кодексін және оны қолданысқа енгізген заңның күшін жояды. Кодекс жобасы шеңберінде мыналар ұсынылады: кейбір салалардың салық төлеушілері үшін КТС мөлшерлемесін саралау,жаңғыртуға пайданы дамыту,өңдеу және ынталандыру,қайта инвестициялау үшін салық шегерімдерін кеңейту,салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер санын қысқарту,барлық арнайы салық режимдерін оңтайландыру,салық жеңілдіктерін беруді мониторингілеу мен талдауға тәсілдерді қайта қарау,сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге ықпал ететін шаралар",- деді Татьяна Савельева.

Ілеспе заң жобасы заңнаманы жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес келтіру қажеттілігіне байланысты әзірленді және Қазақстан Республикасының үш кодексіне және 19 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

"Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобаларын қарауға алуға және олар бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауды сұраймын",- деп қосты депутат.

Айта кетейік,бүгін,4 қыркүйекте Салық кодексінің жобасы Мәжіліске енді ғана түскен болатын. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше,құжат 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданады. Оған дейін кодекс Парламентте жетілдірілетін болады.

Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.