Орта мерзімді жөндеу жұмыстарына байланысты "Астана айналма жолы" Р-10 тасжолының бөлігінде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Р-10 "Астананы айналып өту" автожолының учаскесінде (46-дан 53-шақырымға дейін) 2024 жылғы 3 қыркүйек сағат 21:00-ден 4 қыркүйек сағат 09:00-ге дейін Қабанбай батырдың көлік айрығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қозғалыс шектеледі.
Жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап,ықтимал кешігулерді ескеру ұсынылады.