Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ескі 5-10 мың теңгелік банкноттар қашанға дейін қолданыста болатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰБ-да өткен баспасөз мәслихатында төрағаға "Жақында жаңа 10 мың теңгелік банкнот шығарылды. Ескі 5 мың және 10 мың теңгелік банкноттар қашанға дейін қолданыста болады?" деген сұрақ қойылды.
Тимур Сүлейменов уайымдауға себеп жоғын атап өтті.
"Бәрі параллель жүргізіледі. Ескі купюраларды әкеліңіздер деген болмайды. Біз оларды арнайы алмастырмаймыз. 2 жыл ішінде олар (ескі купюролар) параллельді түрде қолданыста болады. Содан кейін ескі купюра толық таусылғанша қабылданады. Мұнда уайымдайдың керегі жоқ. Егер сізде ескі 5 мың теңге,10 мың теңгелік купора болса,олармен төлем жасай аласыз... (Уақыты келгенде) банктер оларды қабылдап,жаңасына ауыстыра алады",- деді төраға.