Түркістан облысында Қасым,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Келес ауданы Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып,10 баланың анасы атанды.
Көптен күткен ұлдарына Қасым,Жомарт есімдері,қыз балаға Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты.
Әкімдік мәліметінше,Қасым,Кемел - Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын,яғни жүктіліктің 33-ші аптасында босанған. Көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың есімін анасы қойған. Үшем шала туған,балалардың салмағы 2000 грамм шамасында.
"Ота жасаған және жалпы №1 перинаталдық орталығының акушерлік блогына алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап,заманауи жабдықтармен қаматамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Есімдерін Президентіміз сияқты үлкен азамат болсын деген ырыммен Қасым,Кемел деп қойдық",- деді үшемнің анасы.
Еске салайық,бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі егіздер,үшемдер,төртемдер туралы ақпаратты ұсынды:
- 2019-2024 жылдары елімізде 48549,биыл 4585 егіз дүниеге келді;
- 2019-2024 жылдары елімізде 664,биыл 89 үшем дүниеге келді;
- 2019-2024 жылдары елімізде 8 төртем бар дүниеге келді. Биыл төртемдер дүниеге келген жоқ.