Қаржыландыру

Ақтөбе облысында қайтыс болғандар да үй кезегінде тұрған

Aug 27, 2024 IDOPRESS
Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне те

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының прокуратурасы тұрғын үй алу кезегіне қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеріс жүргізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында 36 мыңнан аса адам кезекте тұр,оның ішінде көп балалы отбасылар,жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындар бар. Алайда тізімнен қателер табылған.

"Басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен,еңбек қатынастары тоқтатылған және тұрғын үйді жекешелендіріп үлгерген 100-ден аса азамат баспанаға мұқтаждардың дерекқорынан шығарылмаған. Сонымен қатар,мұқтаж азаматтардың тізімінде қайтыс болған 11 азамат кезекте тұрған",- деп жазылған хабарламада.

Тексеріс нәтижесінде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезектегі тізімдерін түгендеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс жүргізілмегені анықталды. Бұл деректер бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп,заңбұзушылықтар жойылды.