Мәскеуде ер адам әйелі мен кішкентай баласын 16-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды,- деп хабарлайды .
Қайғылы оқиға "Лефортово паркі" ТК-де болған.
"Лефортово паркі" тұрғын үй кешенінде ер адам нәресте мен әйелді 16-қабаттан лақтырды. Олар қайтыс болды",- деп жазды Telegram-арна.
Ер адам болған оқиғадан кейін де терезеден зат лақтыруын тоқтатпаған көрінеді.
Кейінірек БАҚ ер адамның ұсталғанын және жедел жәрдеммен алып кеткенін хабарлады. Кейбір мәліметтер бойынша жанжал кезінде ол және оның жұбайы "күшті әсер ететін зат" қолданғаны жайлы ақпар таратты.