Қатты жаңбыр кезінде өзенге құлаған экскаватордың жүргізуші өзінің қалай құтқарылғанын айтып берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жарбұлақтан келе жатыр едім. Көпірге жеткенде,қатты жаңбыр басталды,ештеңе көрінбейді. Экскаватор Баянкөл өзеніне құлады. Кабинадан әрең шықты. Мен жоғарыдан отырдым,айғайладым. Көмек сұрадым. Райымбек ауданының құтқарушылары келді. Оларға көп рахмет,уақытында келдік",- деді жүргізуші.
Жүргізушіге медициналық көмек қажет емес еді.
Еске салайық,Райымбек ауданында жауын-шашынның салдарынан 1972 жылы туған жүргізуші көлікті басқара алмай,экскаватор жолдан өзенге аударылып кетті.