Жетісу облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы өртті сөндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алакөл ауданы Ақши ауылындағы демалыс аймағында екі қабатты демалыс үйі жанды. Төтенше жағдайлар министрлігі оқиғаның мән-жайын хабарлады.
"Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрт алдын ала 280 шаршы метр алаңда сөндірілді",- делінген хабарламада.
27 адамның эвакуацияланғаны белгілі болды. Зардап шеккендер жоқ.