Кешеден бері Астана тұрғындары 8 тамыздағы оқиғаның қайталануынан қорқып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндерге ауа райы болжамын білу үшін редакция Қазгидрометке жүгінді. Синоптиктер 15 тамызда елордада күндіз найзағай соғып,бұршақ жауады деп ескертті. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Алайда,8 тамыздағыдай күшті бұршақтың қайталану ықтималдығы төмен.
"Астанада жауын-шашын күннің екінші жартысында болады деп болжанды. Сондай-ақ,бұршақ жаууы мүмкін,бірақ жергілікті құбылыс,ол бүкіл қала мен метеостанцияны қамтымай-ақ өтуі мүмкін",- деді синоптиктер.
Алдағы екі күнде елордада бұршақ жауады деп болжанды. 16 тамызда Астанада көшпелі бұлт,кейде жаңбыр,найзағай күтіледі,күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады 9-14,екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13,күндіз 21-23 жылы.
17 тамызда көшпелі бұлт,найзағай,күндіз бұршақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады,9-14,күндіз 21-23 жылы.