Көкшетауда Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің подъезінде электр сымдардың тұйықталуы болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға 15 тамызға қараған түні болды. Жоғарғы қабаттарға тараған қалың каустикалық түтіннің салдарынан ТЖД күшімен баспалдақ маршымен 70 адам,оның ішінде 16 бала эвакуацияланды.
Түтінді аластау жұмыстары жүргізіліп,тұрғындар өз пәтерлеріне оралды. ТЖМ электр желілерінің жай-күйін тұрақты диагностикалау қажетін еске салады.