Түркістан облысында адам саудасымен айналысқан адам ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында,Ш. адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.
"Атап айтқанда,Ш. соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп,оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып,қамауға алынды",- делінген хабарламада.
Сонымен қатар,тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта адам саудасы дерегі бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр,өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жарияланбайды.