Ақмола облысының прокуратурасы колледждерде тексерулер жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Колледждерді тексеру шеңберінде қауіпсіздікті,білім беру сапасын қамтамасыз ету,санитарлық бақылау,өрт қауіпсіздігі,күзет,денсаулық сақтау және т.б. салаларда 200-ден астам заңбұзушылықтар анықталған.
"Мысалы,2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеді. Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен.
Аталған адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды. Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ",- делінген хабарламада.
Сондай-ақ,студенттердің құрдастарына қатысты жүйелі түрде қорқыту дерегі анықталған,тергеу жүргізіліп жатыр.