Қаржыландыру

Қазақстанның медициналық сақтандыру жүйесінде заңбұзушылықтар анықталды

Jul 23, 2024 IDOPRESS
\"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры\" КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдардағы тиімділігін

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдардағы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары Жоғары аудиторлық палата отырысында қаралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ және оның өңірлік филиалдарының 2022-2023 жылдардағы тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары Жоғары аудиторлық палата отырысында қаралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Расул Рахимовтың айтуынша,осы салаға жүргізілген екінші аудит 3,8 трлн теңге болатын қаражат пен активтерді қамтыған. Тексеру шаралары 13 ұйымға қатысты жүргізілді.

Бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне (МӘМС) 16,2 миллион адам кіреді. Бұл ретте 12 миллион адам жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдікті санаттарға жатады. Оған қоса 2 миллион жуық мемлекеттік қызметші,бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері бар. Нәтижесінде жеке шығыстарды (ақылы медицинаны) есептемегенде мемлекетке түсетін қаржылық жүктеме кем дегенде 76 пайыз болады. Осыған байланысты аудиттің негізгі қорытындыларының бірі – МӘМС енгізілгеніне қарамастан,азаматтардың ортақ жауапкершілігі есебінен мемлекетке түсетін жүктеме әлі де айтарлықтай төмендеген жоқ.

"Ұлттық қор қаражатының созылмалы игерілмеуі орын алып отыр. Аудит жүргізілетін кезеңде кепілдендірілген және нысаналы трансферттер шеңберінде 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Алайда 13 миллиард теңге немесе 26 пайызы игерілмеген.

Қор медициналық қызметтердің сапасын бақылауға тиісті назар аудармайды. Мәселен,Астана бойынша МӘМС шеңберінде екі ірі қызмет көрсетушіге бақылау тексерісі жүргізілді,оларға жиынтығында 179 мың адам бекітілген. Нәтижесінде олардың жеке орындары мен медициналық жабдықтардың жоқтығы,оларды сағатына жалға алатыны анықталды. Бұл қызмет көрсетуші ЖШС-лардың бірқатар клиникасында жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялары және өздігінен қозғала алмайтын азаматтарды қабылдауға арналған пандустары жоқ",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,аудит барысында бірлесіп қызмет көрсетушілер тарапынан ӘМСҚ есебінен және азаматтардың өз есебінен медициналық қызметтерге қосарланған ақы төлеу деректері анықталды. Негізінде қолданыстағы ережелер бойынша медициналық мекемелер ТМККК және МӘМС желісі бойынша қаржыландырылатын медициналық көмек түрлері үшін ақы алмауға міндеттеме алады. Сонымен стационарлық көмек бойынша кем дегенде 1,7 миллиард теңгеге,амбулаториялық көмек бойынша 27,6 миллиард теңгеге қосарланған төлем фактілері анықталды. Қор тарапынан бұл бағытта мониторинг жүргізілмейді.

Стоматологиялық клиникалардың қызметтеріне ӘМСҚ-дан қосарланған төлем жасалуы жеке бұзушылық ретінде анықталды. Медициналық сақтандыру тарифіне анестезияның құны енгізіліп қойған,бірақ стоматологиялар ол үшін қордан жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгеге қосымша ақы алған.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау,Ішкі істер және Әділет министрліктерінің ақпараттық жүйелерінің деректерін салыстыру нәтижесінде шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға дәрі-дәрмектерді ресімдеу фактілері анықталды.

Отырыс барысында Әлихан Смайылов ӘМСҚ бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына сапалы бақылауды қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті.

"Мұны қолмен емес,автоматтандырылған түрде жасау керек. Қордың тәуекелдерді басқарудың өзіндік жүйесі болуы тиіс,оның негізінде көрсетілетін қызметтердің сапасына,өндірістік базаның,жабдықтардың,тиісті медициналық лицензиялар мен рұқсаттардың болуына мониторинг жүргізу қажет",— деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Мемлекеттік аудит барысында сонымен қатар биыл наурыз айындағы жағдай бойынша Қазақстандағы 109 медициналық ұйымның 19 миллиард теңгеге мерзімі өткен кредиторлық берешегі бар екенін анықтады. Алайда ӘМСҚ қаражатының көлемін бөлу кезінде өнім берушілердің қаржылық жағдайы ескерілмейді,бұл халыққа медициналық қызмет көрсетуге теріс әсер етуі мүмкін.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша:

32 миллиард теңгеден астам рәсімдік заңбұзушылықтар;

31,1 миллиард теңгеге қаражатты тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды.

Қаржылық шығындар мен жіберіп алған пайда сомасы 11,8 миллион теңге болған. Сондай-ақ,65 рәсімдік заңбұзушылық,154 өзге де заңбұзушылық және жүйелік кемшілік анықталды. Медициналық қызметтер мен тіркеулерге қосарланған ақы төлеу фактілері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына беріледі.