Қаржыландыру

Алматы қаласын абаттандырудың жаңа ережелері: мегаполистегі тәртіп үшін кім жауапты

Jul 23, 2024 IDOPRESS
Қала мәслихаты бекіткен жаңа нормативтік акт құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамаст

Қала мәслихаты бекіткен жаңа нормативтік акт құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан заңды тұлғаларды,сондай-ақ аула мен қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды тұлғаларды қоса алғанда,барлық қала тұрғындары үшін қала аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

Қала мәслихаты бекіткен жаңа нормативтік акт құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан заңды тұлғаларды,барлық қала тұрғындары үшін қала аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Ашкенов атап өткендей,мегаполисте 2013 жылдан бері қолданылмаған арнайы паспорттарды пайдалану қайта басталады. Құжатта тротуарлардың,көгалдардың,қасбеттердің жай-күйіне,сондай-ақ урналар,пандустар,қоршаулар,көше жиһаздары сияқты элементтермен жабдықтауға қойылатын талаптар бекітіледі.

Бұл ретте,басқармада атап өткендей,қаланы абаттандыру паспорты – бұл императивті норма емес. Құжатқа аудан әкімдігі мен нақты кәсіпкер екі жақты қол қояды. Бұл ретте,ол бұрын көзделмеген учаскелерді абаттандыру бөлігінде қосымша шығындарды көтермейді.

Кәсіпкерлердің құжат нормаларын сақтауын бақылауды аудан әкімдіктері жүзеге асыратын болады,бірақ оларды орындамағандарды полиция департаменті жауапқа тартатын болады.

Сонымен қатар,жаңа стандарттарға сәйкес,бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар концерттерден,фестивальдерден,жәрмеңкелерден және басқа да іс-шаралардан кейін тазалауға міндеттеледі.

Жаңашылдыққа түсініктеме бере отырып,Алматы мәслихатының депутаты Сергей Козлов бұған дейін қолданыста болған ережелер 2007 жылы қабылданғанын,осы уақыт ішінде оларға толықтырулар мен өзгерістер қажет болғанын атап өтті.

"Қала осы жылдар ішінде үлкен жұмыс атқарды. Сонымен қатар,мегаполиске қосымша учаскелер мен аумақтар қосылды. Көптеген жаңа аулалар жөнделіп,жасалды,көгалдандыру жүргізілді,кіші сәулет нысандары орнатылды,жалпы демалыс орындары,спорт алаңдары,мектеп аулалары абаттандырылды және тағы басқалар. Мұның бәрі біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты мен жайлылығына бағытталған. Біз бәріміз қаланың таза әрі жайлы болғанын қалаймыз. Әрине,мұның бәрін жақсы жағдайда ұстау керек",- деп атап өтті Сергей Козлов.

Оның айтуынша,қазіргі ережелер қалада жасалған жақсы істердің сақталуына бағытталған. Енгізілетін жаңа өзгерістер қалалық коммуналдық қызметтердің де,бизнестің де,қарапайым азаматтардың да жауапкершілігін күшейтеді.

"Ережеде инклюзивті орта құру,қалалық субұрқақтардың жұмысын ұйымдастыру,үй жануарларын ұстау және серуендету мәселелері қарастырылған. Мегаполис өмірінің барлық аспектілері қамтылған. Мұның бәрі мегаполисті дамытуға,оның барынша таза әрі жайлы болуына бағытталған. Құжат мұны қалай жасау керектігін және оны қалай қолдауға болатынын анықтайды",- деп түйіндеді қалалық мәслихат депутаты.

Естеріңізге сала кетейік,2024 жылғы 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттар Алматы қаласының аумағын абаттандырудың жаңа ережелерін бекітті. Бұл шаралар "Таза Қазақстан" республикалық акциясының мақсаттарына сәйкес келетін қауіпсіз,ыңғайлы және экологиялық қолайлы қалалық ортаны құруға бағытталған. Жаңа ережелерді мына сілтеме арқылы оқи аласыз.