Ақтауда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына слтеме жасап.
Ақтау прокуратурасы алимент бойынша берешегі 3 миллион теңгеден асатын А-ға қатысты Қылмыстық кодексінің 139-бабы 1-бөлігімен соталды тергеп-тексеруді бастады.
"Соталды тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Соттың үкімі бойынша,А-ға 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды",- делінген хабарламада.
Ақтау прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК-ның 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.