Қаржыландыру

Астанадан шыққан жолаушылары бар автобус Ресейдегі тасжолда өртеніп кетті

Jul 21, 2024 IDOPRESS
Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті,- деп

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қазақстаннан Моңғолияға баратын рейстік автобус Алтай Республикасындағы Шу трактісінде өртеніп кетті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше,Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені туралы хабарлама 20 шілдеде таңғы сағат 06:13-те түсті. Автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрді.

Салонда 50 адам болды,оның ішінде 15 бала,барлығы эвакуацияланды,қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам,1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді",- делінген хабарламада.