Алматыда ұрылар видеоға түсіп қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олар қаладағы ірі тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерлерді тонамақ болған.
"Алматыда ұрылар пәтерлерді аралап,есік тұтқаларын тартып,тұрғын үй кешендерінде із қалдырып жүр",- делінген видеоның сипаттамасында.
Кадрларда ұрылар бейнебақылау камераларынан мүлдем қорықпайды. Олар қолымен және баскиімімен бетін жауып жүр.
Нәтижесінде олар пәтерлердің бірін ашып үлгерді. Бұл шабуылшылардың ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз.
Бұл мәселеге қатысты Алматы қалалық ІІД-не тиісті сауал жолданды.