Қаржыландыру

ПоводБүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Jul 13, 2024 IDOPRESS
Синоптиктер ертең,13 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарла

Синоптиктер ертең,13 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер ертең,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде,оңтүстігінде,таулы аудандарында найзағай,бұршақ,дауыл күтіледі. 13-14 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады,облыстың оңтүстік-батысында,солтүстік-шығысында,таулы аудандарда 15-20 м/с,14 шілдеде екпіні 25 м/с күтіледі. 13-14 шілдеде облыстың батысында төтенше өрт,облыстың солтүстік-батысында,солтүстік-шығысында жоғары қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде,шығысында найзағай,күндіз бұршақ,дауыл,шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың солтүстігінде,шығысында,орталығында 15-20,кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі,облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде,солтүстік-шығысында қатты жаңбыр,найзағай,дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен,солтүстік-батыстан соғады,түнде солтүстігінде,орталығында,екпіні 15-20 м/с,күндіз 15-20,облыстың солтүстігінде,орталығында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында,оңтүстік-шығысында,солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде,таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай,дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкентте найзағай,дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр,дауыл күтіледі. Облыстың шығысында,солтүстігінде,оңтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстіктен,солтүстік-батыстан жел соғады,екпіні 15-20,облыстың шығысында,оңтүстігінде 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының батысында,күндіз қатты жаңбыр,дауыл күтіледі. Жел батыстан,оңтүстік-батыстан соғады,облыстың батысында,орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында,оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында,күндіз облыстың батысында,оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында,оңтүстігінде бұршақ,дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады,күндіз күші 15-20 м/с,оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде,күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде,күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде бұршақ,дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында,оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық 37 градус күтіледі

Қарағанды облысының батысында қатты жаңбыр,дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында,күндіз облыстың оңтүстігінде,батысында найзағай. Шығыстан,оңтүстік-шығыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі

Ұлытау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында,орталығында найзағай,күндіз найзағай,облыстың солтүстігінде бұршақ,дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында,орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының батысында,оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында,дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан,шығыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының батысында,оңтүстігінде найзағай,оңтүстігінде екпіні 15-20,күндіз облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!